Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: rus-img2.com

Синоптиктер 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, Орта Поволжьенің үстінде қалыптасқан циклон, белсенді фронтальді аймақ үстімен сағатына 80 шақырым жылдамдықпен Батыс Сібірге ауысып жатыр. Бірақ оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы жылдам жылжитын болады және ол жаңбыр, қар, көктайғақ пен тұман тудырады.

"28 қарашада Шығыс Еуропа аумағынан суық атмосфералық фронттар орнына батыс облыстарына антициклон келеді. Ол шамамен 30 қараша күні республиканың шығыс аудандарын қамтиды. Антициклонның шығысқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашын тоқтайды, температура төмендейді, бірақ бұрынғыдай климаттық нормадан жоғары болып қала береді", − деп хабарлады метеорологтар. 

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін