Алматыда Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды

Алматыда Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды
Фото: tn.kz

Алматыдағы Медеу ауданында Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта Абай Құнанбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ескерткіш алматылық кәсіпкер Банщиков Вячеславтың қаражатына салынды. Ақынның 170 жылдығына арнайы жасатылған ескерткіштің ашылу салтанатында ұлы ақын туралы сөздер айтылды. Ескерткіштің биіктігі – 4,5 метр.

"Ұлы Абай әр кірпіш өзінің орнын табуы керек деп айтқан. Мен өз кірпішімнің орнын таптым, ол адамдарға көмектесу", – деді Вячеслав Банщиков.

М. Бисембаева