Санкт-Петербург қаласында Стив Джобсқа ескерткіш орнатылды

Санкт-Петербург қаласында Стив Джобсқа ескерткіш орнатылды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Apple компаниясының іргесін қалаушы, «Техника пірі» атанған Стив Джобсқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіш 9 қаңтар күні тұрғызылды.

Джобстың көзі тірісінде жобалап кеткен, ғұмырының ең соңғы жобасы болған iPhon5 формасында жобаланған ескерткіш Санкт-Петербург қаласының Мемлекеттік информациялық техника ғылымы университетінің ауласына орнатылды. Қара түсті ескерткіштің биіктігі адам бойынан сәл биіктеу болып, сезімтал экран орнатылған. Онда Стив Джобстың өмірбаяны, суреттері және Apple компаниясының тарихы сияқты деректер бар. 

 

Дайындаған: Алшын Матай

сурет:ubergizmo.com 

Қ. Қауымбек