Қарағандылық студенттер жаяу жүргіншіге арналған ерекше "жолақ" орнатуды ұсынды

Қарағандылық студенттер жаяу жүргіншіге арналған ерекше "жолақ" орнатуды ұсынды
Фото: tn.kz

Қарағандылық студенттер қала көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған "лазер жолақ" орнатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бағдаршамда қызыл түс жанған кезде жүйе автоматты түрде қосылып, адамның жүріп бара жатқан бейнесі пайда болады. "Бұл сурет жүргізушілердің назарын еріксіз аударады", – деді студенттер.

Айта кетейік, мұндай лазер жолдар Ресейдің бірнеше қаласында қолданылып жүр. Олар бұрын-соңды жол-көлік оқиғасы көп болған жерлерге орнатылды. Қарағандылық студенттер мұндай жүйені Жаңа базар маңына орнатуды ұсынды.

М. Бисембаева