Алматыдағы халықаралық форумға 100-ге жуық өнертапқыш қатысуда

Алматыдағы халықаралық форумға 100-ге жуық өнертапқыш қатысуда
Фото: 24.kz

Алматыда «Қазақстан – жаңа ғаламдық инновациялық хаб» халықаралық форумы басталды. Жүзге жуық қазақстандық өнертапқыш энергетика, ІТ технология, смарт-индустрия және жаңа материалдар саласындағы тың жобаларын қазылар алқасының назарына ұсынды.

Орталық Азиядағы ірі инновациялық форумның жұмысы 12 қарашада Астанада жалғасады. Оған халықаралық сарапшылар мен инвесторлар қатысады деп жоспарлануда. Алғашқылардың бірі болып Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінің командасы бағын сынады. Олар екі жоба ұсынып отыр.

Руслан Өтебаев, техника ғылымдарының кандидаты: - Бүгін фотоэлектрлік модульдердің сипаттамаларын жинайтын жүйе және күннің қозғалу бағытына бұратын жүйенің жобасы ұсынылып отыр. Электромобильдерге арналған зарядтау станциясы жүзеге асып жатыр. Қазіргі кезде Алматыда осы жоба бойынша 2 зарядтау станциясы орнатылған.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы