Нұрсұлтан Назарбаев француз экономисі Жак Атталимен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев француз экономисі Жак Атталимен кездесті
Фото: tn.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев француз экономисі Жак Атталимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында жаһандық нарықтағы ахуал, әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістерін еңсеру жолдары, сонымен қатар, қазіргі қалыптасқан жағдайдағы Қазақстанның іс-қимыл бағдарламасы - Бес институционалдық реформа мен "100 нақты қадам" Ұлт жоспары талқыланды. Тараптар еліміздегі инфрақұрылымдық жаңғыртулар перспективасына да арнайы тоқталды. 

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев Парижге ресми сапармен барды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция президенті Олландпен кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар, іскер және саяси топ өкілдерімен келіссөздер өткізу, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою және ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысу шаралары қарастырылған. 

Бұған дейін Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Патшайымы II Елизаветамен кездесті. Елбасы кездесу барысында Патшайымға Біріккен Корольдікке сапарының қорытындылары туралы әңгімелей отырып, екі жақтың арасында көптеген келісімдердің жасалғанын ризашылықпен атап өтті. 

М. Бисембаева