Интернетте қазақстандық оқулықтарды бағалауға арналған сайт пайда болды

Интернетте қазақстандық оқулықтарды бағалауға арналған сайт пайда болды
Фото: tn.kz

Интернетте қазақстандық оқулықтарды бағалауға арналған сайт пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Оқулықтардың сапасына қоғамдық баға" порталы оқулықтарға қатысты ескертулер мен ұсыныстар білдіруге мүмкіндік береді. 

"Құрметті пайдаланушы! Осы портал арқылы Сіздерге оқулықтар макеті сапасын бағалауды ұсынамыз. Портал Сізге қазақстандық оқулықтар сапасын жақсарту үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді. Сіз өзіңіздің ескертулеріңізді және макеттің құрылысы, мазмұны мен безендіруіне қатысты сындарлы ұсыныстарыңызды жазуыңызға болады. Біздің оқулықтарымыздың жақсаруы үшін жаңа идея берсеңіздер ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз назардан тыс қалмайды! Бізбен бірлескен қызметіңіз үшін алғыс айтамыз!", - деп жазылған порталдың алғашқы бетінде.

М. Бисембаева