Қарағандыда халықаралық оперетта фестивалі басталды

Қарағандыда халықаралық оперетта фестивалі басталды
Фото: liublog.net

Қарағандыда халықаралық оперетта фестивалі басталды. Оған қатысу үшін түрлі елден 100-ден астам өнер иелері келді.

Қатысушылар үш күн бойы оперетта мен мюзикл жанрын бағалай білетін жұртшылықты өз өнерлерімен тәнті етпек. Ресей мен Беларусь әртістері жаңа қойылымдар алып келсе, Қазақстан, Ресей, Армения, Әзербайжан, Украина және Польша өнерпаздары әлемнің алуан тілдеріндегі классикалық оперетталардан дуэттер орындайды. 

Шара аясында сондай-ақ вокал мен хореографиядан шеберлік сабақтары өтеді. Оперетта фестивалі кеншілер қаласында бесінші рет өтуде

Дереккөзі: 24.kz

Ж. Өрісбай