Синоптиктер алдағы демалыста ауа райының бұзылатынын айтты

Синоптиктер алдағы демалыста ауа райының бұзылатынын айтты
Фото: lavitanostra.net

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 қазан - 2 қараша аралығында ауа райы жауын-шашынды, тұманды, желді болады. Қазақстанның бірқатар облысында көктайғақ болуы мүмкін.

"Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы кей аудандарда жаңбыр жауады. Антициклонға байланысты ауа температурасы төмендейді: түнде республиканың батыс, солтүстік және орталығында 5-10, кей жерлерде 13 градус, күндіз 0-8 градус суық болады", – деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, қалған аумақта түнде 0-5, кей жерлерде 10 градус суық болады, күндіз  0-5 градус жылы, шығыста 0-5 градус суық болады.

М. Бисембаева