NASA климат өзгерістерін зерттеу үшін жасанды жерсерігін ұшырды

NASA климат өзгерістерін зерттеу үшін жасанды жерсерігін ұшырды

АҚШ-тың Ұлттық ғарыш агенттігі – NASA ғаламдық климаттың өзгерістерін зерттеуге арналған жасанды жерсерігін ойдағыдай жөнелтті. «NASA үшін бұл үшінші сынамадан кейін мүмкін болып отырған сәтті ұшырылым», - деп жазады 24.kz Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.

Жасанды жер серігінің метеорологтар мен ғалымдар үшін пайдасы ұшан-теңіз. Атап айтқанда жаһандық күн райы өзгерістеріне тікелей әсері бар Жер бетіндегі ылғалдылық жайы жан-жақты зерттелмек. Бұған дейін бүкіл ғаламшарды қамтыған үлкен көлемдегі аумаққа ешкім ондай зерттеу жүргізіп көрмепті. Ғарыштан алынған ақпараттар сондай-ақ әлемдегі құрғақшылық деңгейін, су тасқыны мен жер құнарын, жәндіктерден таралатын жұқпалы ауруларды және қысқа-ұзақ мерзімді күн райын анықтауға мүмкіндік бермек. Soil Moisture Active Passive деп аталатын бағдарлама құны 916 млн АҚШ долларын құрайды. Агенттік ғалымдары зерттеудің алғашқы нәтижелері тіпті алдағы айларда дайын болатынын айтады.

сурет: azstatic.com

Е. Қайрахан