Астанада жылыту маусымы басталды

Астанада жылыту маусымы басталды
Фото: tn.kz

Астанада жылыту маусымы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Елордада орташа тәуліктік ауа температурасы +10 градусқа түскендіктен, бүгін Астана қаласының әкімдігі жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдады.

Әкімдіктегілердің мәлімдеуінше, алдағы жылыту маусымына 169 білім беру нысаны, 37 денсаулық сақтау мекемесі, 15 мәдени, 2116 көппәтерлі тұрғын үй толықтай дайын.

М. Бисембаева