Атмосфераның ластануы жылына 2 млн аса адамның өмірін жалмайды

Атмосфераның ластануы жылына 2 млн аса адамның өмірін жалмайды

Американдық ғалымдар адамдар арасында рак пен тыныс алу жолындағы ауруларды туғызатын атмосфера құрамындағы ұсақ дисперстік бөлшектердің кесірінен жылына 2,1 миллион жан өмірмен қоштасатынын есептеп шықты, деп хабарлайды ИА Жаңалықтар-Қазақстан. 

"Біздің есептеуіміз бойынша атмосфераның ластануы денсаулыққа зиян тигізуші факторлардың ішіндегі ең маңыздысы болып отыр. Ауаның ластануы салдарынан болатын адам өлімінің ең көп мөлшері атмосфераның улануы жоғары Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінде болатынын да анықтадық",-дейді Солтүстік Каролина Университетінің зерттеушісі Джейсон Уэс. 

Ғалымдардың сөзінше, адамдар арасындағы өлім-жітімнің көбеюіне өндіріс пен өнеркәсіп орындары санының артуы салдарынан болатын климаттың өзгеруі мен озон қабатының бұзылуы сияқты факторлар да үлкен әсерін тигізіп отырған көрінеді. Тропосферадағы озон концентрациясы мөлшерінің өсуі демікпе ауруларының санының өсуіне себеп болып, соның кесірінен әлем бойынша жылына 470 мың адам өмірден өтеді екен.

Өз зерттеулерінде ғалымдар 1850 мен 2000 жылдардағы атмосферадағы ұсақ дисперстік бөлшектері мен озон концентрациясы мөлшерінің орташа көрсеткіштерін анықтау үшін климаттық модельді пайдаланған екен. Олардың ішіндегі 14 модель тропосферадағы озон деңгейін көрсетсе, алтауы ұсақ дисперстік бөлшектердің мөлшерін анықтап берген. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: diningbete1.blogspot.com

Б. Қосмағамбет