Синоптиктер демалыс күндері ауа райының қандай болатынын хабарлады

Синоптиктер демалыс күндері ауа райының қандай болатынын хабарлады
Фото: tn.kz

Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, қыркүйектің 26-28 аралығында еліміздің батысында күн ыстық, ал шығысында суық болады.

"Демалыс күндері де Қазақстанның батыс бөлігінде аномальді жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндізгі температура 25-33 градусқа дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның шығыс бөлігіне суық атмосфералық фронттардың артынан Шығыс Сібірдің солтүстік аудандарынан антициклон жылжиды. Сондықтан солтүстік, орталық облыстарда жақын арадағы тәуліктерде жауын жауады", - дейді мамандар.

Олардың айтуына қарағанда, бұл өңірлердегі жауын-шашын жексенбі және дүйсенбі күндері тоқтап, есесіне түнгі ауа температурасы 0-6 градусқа дейін төмендейді. Ал шығыста демалыс күндері жаңбыр жауып, кей жерлерде оның арты қарға ұласады және күн суық болады деген болжам бар.

"Оңтүстік аудандарға суық атмосфералық фронттар жексенбі күні өтеді және дүйсенбіге дейін сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, таулы аудандарда нөсердің соңы қарға айналады", - деп хабарлады метеорологтар.

М. Бисембаева