Ауа райы: Батыста 33 градус ыстық болады

Ауа райы: Батыста 33 градус ыстық болады
Фото: tn.kz

Синоптиктер 24 қыркүйекке дейінгі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Иран аудандарынан келетін жылы ауаның әсерінен Қазақстанның батыс облыстарында ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі, ол нормадан 7-10 градусқа жоғары.

"Оңтүстікте жауын-шашынсыз болады, бірақ ауа массалары солтүстік-батыстан келетіндіктен, ауа температурасы төмен, таяудағы үш тәулікте орташа көп жылғы мәнге жақын болады. Республиканың қалған аумағы Орал аудандарынан жылжитын суық атмосфералық фронттардың аясында болады. Соның әсерінен кей жерлерде жауын жауып, түнде тұман түсіп, күн ашылғаннан кейін ауа температурасы үсік жүргенге дейін төмендейді", - дейді метеорологтар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер ауа температурасының төмендеуіне байланысты Қазақстанның алты өңірінде ескерту жариялаған. 

М. Бисембаева