Оқи отырыңыз

Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

— Редактор бағаны —

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстан таулары туралы деректер

Қазақстан таулары туралы деректер

Қазақстан таулары туралы деректер

11 желтоқсан – Халықаралық тау күні қарсаңында Қазақстан жеріндегі ең үлкен, танымал таулар туралы біршама деректерді бере кетуді жөн көріп отырмыз.

Сарыарқа – Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі – 500-600 м. Сарыарқа солтүстігінде Батыс-Сібір жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді "қазақстандық Швейцария" деп атайды.

Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Тау өз бастауын Шиелі және Терісбұтақ өзендерінен алады. Тас тізбегінен оңтүстікке қарай Үлкен борсық құмды шөлі жалғасады. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.

Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Бәрі де жыралар, сайлар, аңғарлар, жартастармен бөлшектелген. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).

Таулардың оңтүстік бөлігінде Батыр аталатын ойпат бар. Бұл – Қазақстанның ең төмен нүктесі. Аталған ойпат әлем бойынша Израильдегі Өлі Теңізден (- 395 м), Қытайдағы Тұрфан шұңқырынан (-154 м), Африкадағы Ассаль өзенінен (-150 м), Египеттегі Каттара ойпатынан (-133) кейін бесінші орында тұр.

Алтай – Алтай-Саян аталып кеткен алып тау жүйесінің бір бөлігі. Шекарасы Зайсан көлі мен Байқал көліне дейін созылған. Қазақстанға оның тек оңтүстік-батыс аймағы ғана енеді. Оңтүстік шекарасы – Қара Ертіс өзенінің бассейні және Зайсан көлі, батысы – Қалба жотасы. Жер бедеріне байланысты қазақстандық Алтай үш аумаққа бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасы.

Түрген шатқалы ыстық бастауларымен, сарқырамаларымен, қалың ормандарымен, өзендерімен, шипалық өсімдіктерімен, жеміс-жидектерімен танымал. Ең басты байлығы – сарқырмалар. Олардың саны жетіге жуық. Аюлы Сарқырамасы 30 метр биіктікте құлайды және айналысындағы шыршалары көрген көзді ынтықтырады. Жартастарда мұз дәуіріне дейінгі өсімдіктердің іздері қалған.

Тянь-шань және Хан-Тәңірі. Тянь-шань таулы аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республикамызға Орталық, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань (Күнгей Алатау, Шу-Іле Алатау, Желтау, Айтау, Қырғыз Алатауы енеді) тауының барлық бөлігі кіреді. Ал Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан-Тәңірі (6995 м) бар.

Мәр-мар тасты еске салатын үшкір пирамидалы тау алыстан-ақ көзге көрінеді. Таудың айналасында небір аңыздар тараған. Оны кейде Тәңіртау немесе Қантау деп те атайды. Екінші атауға себеп болған – күн батар кезде тау шыңының қызыл түске боялатындығы. Шыңғы жету – әрбір қазақстандық альпинситің арманы деуге болады.

Жоңғар Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның шекарасы, Іле мен Алакөл өзендерінің аралығында орналасқан және батыстан оңтүстік-батысқа, солтүстік-шығысқа созылып жатыр. Жоңғар Алатауының жалпы ұзындығы – 400 шақырым. Орташа биіктігі – 3580 м.

Мұнда әлі күнге дейін таутекелер, арқарлар, қарақұйрықтар мекен етеді. Барсакелмес аралынан құландар әкелінген. Аймақ көненің көзі саналатын ескерткіштерге бай: тасқа салынған суреттер, қорғандар әлі де зерттеліп келеді.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: voxpopuli.kz,vesti.kz,visitkazakhstan.kz,nnm.me,www.idrive.kz,kzgov.docdat.com

71220 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 желтоқсан 2013, 14:02
Пікірлер
+0
11 желтоқсан 2013, 17:07

Тау күніне жақсы жинақ жасапсын

+0
12 желтоқсан 2013, 00:47

О, қандай жазба десеңші! Біздің ауыл Күнгей Алатауының солтүстік етегінде орын тепкен... Жазбаңа рахмет, Айгерім!))

+0
16 желтоқсан 2013, 13:47

қазақстанда өте әдемі жерлер көп қой, тек сол жерден айрылып қалмасақ игі еді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ағылшын жазушысы Анджела Картер
Ағылшын жазушысы Анджела Картер

Мен әйгілі жазушы Анджела Картердің сұхбатын аударып, бұл жазушыға деген қазақ...

Мамандығым – азығым
Мамандығым – азығым

Өзін сүйіп жасайтын мамандықты таңдсаң, бір күн де жұмыс істемейсің

Автор: Adina Anarbek
Бойжеткеннің күнделігі-2
Бойжеткеннің күнделігі-2

Алғашқы күндері ......

Өмір жаңғырығы
Өмір жаңғырығы

Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: “Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам...

Автор: Мoon

Соңғы аудармалар

VIXX - Dynamite [kaz_sub]
VIXX - Dynamite [kaz_sub]

2012 жылы өткен "Mydol" шоуына қатысушы 10 жігіттің ішінен Jelly Fish Entertainment алты қатысушыны таңдап алып, VIXX тобын құрып, келісім-шарт жасайды. 4 мамыр 2012 жылы топтың алғашқы "Super Hero" әні жарық көреді. Бір жыл бойы жігіттер түрлі шоуларға қатысып, әндерін ұсынады. Ал бүгінде «VIXX» танымал топтардың қатарында. Назарларыңызға топтың «Dynamite» әнін қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Айжан Тайминг, Әрлеу:...

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнце / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнце / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнце / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнце / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...