"Мәңгілік полк" онлайн акциясы басталды. Тікелей эфир

"Мәңгілік полк" онлайн акциясы басталды. Тікелей эфир

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ұлықтауға арналған "Мәңгілік полк" шарасы басталды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты акция биыл да онлайн режимде өтуде.

"Мәңгілік полк" шарасын Salem social media командасы ұйымдастыруда. Көрсетілім “Жұлдыз FM”  және Vostok FM радиоларының қатысуымен Aitube.kz, Tengrinews.kz, “Экспресс-К”, Massaget.kz сайттарында бір уақытта жүреді. Акция 15:00-ге дейін жалғасады.

Биыл ұйымдастырушылар командасы ардагерлерді Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі және ҚР Ұлттық Ұлан оркестрімен біріге отырып құттықтап, оларға Алматы қаласының Алмалы және Медеу аудандарының әкімдігі қолдауымен бейбіт аспан мен тыныш өмір үшін алғыс білдіреді. Тікелей эфир аясында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының онлайн шеруі өтеді, майдан әндері орындалады, жұлдыздар мен ардагерлердің құттықтаулары болады.

Ұлы Отан соғысы батырларын бірге құттықтайық!

Н. Үсенова