Арыста ҰБТ аяқталды

Арыста ҰБТ аяқталды

Кеше, 24 маусым күні Арыс қаласының апелляциялық комиссиясы Ұлттық бірыңғай тест тапсырған талапкерлердің өтініштерін қарауы тиіс болатын. Алайда, қалада орын алған төтенше жағдай салдарынан оның жұмысы кейінге қалдырылды. 

"Иә, өкінішке орай, қазіргі уақытта халқымыздың назары осы қалаға ауып отыр. Онда қайғылы оқиғалар орын алды. Арыс қаласында ҰБТ-ның 1 пункті бар. Ол №1 мектепте орналасқан. Арыс бойынша бізде 2 лек өтті. Біріншісі - 21 маусым, екіншісі 23 маусым күні болды. Жалпы ол жерде 779 бала өтінішін қалдырған еді. Оның 772-сі екі лекпен тапсырды", – деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша, кеше, 24 маусым күні сағат 9.00-де Арыс қаласының №1 мектебінде апелляциялық комиссия өз жұмысын бастаған. Алайда әскери бөлімшедегі жарылыстардың салдарынан жұмысын тоқтатқан.

"Ешкім зардап шеккен жоқ. Осы қалада министрлік өкілдігінің 12 мүшесі жұмыс істеді. Қазіргі уақытта олардың 12-сі де Шымкент қаласында. 10-ы Нұр-Сұлтан қаласына шығайын деп жатыр. Олар өз жұмыстарын аяқтайды. Комиссия төрағасы сол жерде қалады. Жалпы жағдай тұрақталған соң бұл апелляцияны өткізетін боламыз. Себебі апелляцияны өткізіп үлгермедік. Мүмкін ол жерде де талапкерлерден өтініштер болып қалар. 30 маусымға дейін уақытымыз бар. Егер 30-на дейін үлгермесек оның уақытын созамыз, өткіземіз", – деді департамент басшысы.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз:ҚазАқпарат

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?