Дзюдодан Қазақстан құрамасы Будапешттен олжалы оралды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Будапешттен олжалы оралды
Фото: fdk.kz

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Будапештте өткен «Гран-При» турнирінде 2 алтын 1 күміс жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Екі күнге созылған додада ерлер құрамасы ерледі.

Жарыстың бірінші күні ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта финалға Елдос Сметов пен Айбек Имашев шығып, өзара жеңімпазды анықтады. Елдос чемпион атанса, Айбек күмісті қанағат тұтты. Ал 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жансай Смағұлов барлық қарсыластарын жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта белдесетін Гүлжан Исанова қола жүлде үшін тартыста Олимпиада чемпионы кубалық Идалис Ортиске есе жіберіп, бесінші орынды қанағат тұтты. Ал өзге бұрымды балуандарымыз қатарынан 48 келіге дейінгі салмақта Александра Подрядова жетінші орыннан көрінді.

Ерлер арасында 66 келіге дейін белдескен Азамат Мұқанов пен 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Ислам Бозбаев та жетінші орынмен шектелді.

    Мемлекет  Алтын   Күміс    Қола   5-ші орын   7-ші орын 
1. Қазақстан (KAZ) 2 1 0 1 3
2. Германия (GER) 1 5 5 3 2
3. Словения (SLO) 1 2 0 0 1
4. Жапония (JPN) 1 1 2 1 0
5. АҚШ (USA) 1 0 2 0 1
6. Португалия (POR) 1 0 2 0 0
7. Венгрия (HUN) 1 0 1 2 3
8. Өзбекстан (UZB) 1 0 1 1 2
9. Испания (ESP) 1 0 1 1 0
10. Түркия (TUR) 1 0 0 1 1
11. Қытайлық Тайпей (TPE) 1 0 0 1 0
12. Аргентина (ARG) 1 0 0 0 0
12. Египет (EGY) 1 0 0 0 0
14. Франция (FRA) 0 2 0 1 1
15. Ресей (RUS) 0 1 3 3 0
16. Украина (UKR) 0 1 1 0 2
17. Тунис (TUN) 0 1 1 0 0
18. Швеция (SWE) 0 0 2 2 0
19. Куба (CUB) 0 0 2 1 2
20. Израиль (ISR) 0 0 1 2 0
21. Бельгия (BEL) 0 0 1 0 0
21. Гвиней-Бисау (GBS) 0 0 1 0 0
21. Грекия (GRE) 0 0 1 0 0
21. Нидерланд (NED) 0 0 1 0 0

Айта кетейік, Будапешттегі «Гран-При» додасына Максим Раков пен ұлттық құраманың легионері Отгонцэцэг Галбадрах қатысқан жоқ. 

О. Сансызбай