Жасөспірімдер тілі: POV деген не?

Жасөспірімдер тілі: POV деген не?
Фото: ru.freepik.com

TikTok немесе басқа да әлеуметтік желілерден сізге түсініксіз POV немесе «пов» деген қысқартылған сөзі бар мемді көрген боларсыз. Ол нені білдіреді? 

POV (point of view) сөзінің ағылшын тілінен тікелей аудармасы — «көзқарас». Әдетте, бұл аббревиатура баяндау бірінші жақта жүргізілетін жағдайды (эфирді) білдіреді.

Этимологиялық онлайн-сөздігі бойынша, POV аббревиатурасы жанрлық белгі ретінде шамамен 1970-жылдардың басында қолданылып бастады. Қазір «пов» — ақпаратты жеткізу әдісі және оқиға оның көзқарасы бойынша көрсетілген кейіпкер.

Кітап «повына» мысал келтірсек, Джордж Мартиннің «Мұз бен от туралы ән» кітабын (оның негізінде «Тақтар ойыны» сериалы түсірілді) жатқызуға болады. Мұнда оқиға әрқашан кейіпкерлердің бірінің көзқарасы бойынша айтылады, ал тараулар «пов»-кейіпкерлер атымен аталады.

Сондай-ақ, POV бейне түсірілім жанрын білдіруі де мүмкін. Бұл кезде камера оператордың көз тұсына орнатылады, ал көрермендер әлемді оның көзімен көреді. Көбіне мұндай роликті экстремалды спорт түрін жақсы көретіндер түсіреді.

@ersi.rash Пов: Студенттер өз үйлеріне келгенде? #ледниковыйпериод #мультфильм #қазақшадыбыстама #қазақша #дубляж ♬ оригинальный звук - ersirash

Неліктен #pov және #пов хэштегтері танымал?

Бұл хэштегтер, әсіресе, TikTok-та танымал. POV жарында ролик түсіру оңай, ол ерекше дағды мен күшті қажет етпейді. Мұндай контент көптеген лайк жинайды. Бұл хэштегті мына 3 жағдайда қояды:

1. Бейненің мазмұны біреудің көзқарасын, қандай да бір нақты пікірін көрсетеді;
2. Ролик «бірінші жақта» түсірілді;
3. Ролик автордың өмірі мен оның кей нақты жағдайларын сипаттайды.

POV — мемдерге арналған шаблон

POV — тек роликтерге емес, сондай-ақ адам үшін сурет сөйлейтін мемдер үшін де шаблон. Әдетте, көрермен мемнен өзін көреді немесе сурет пен оған таңдалған мәтін үйлесімінің күлкілі жағдайын түсінеді.

Дәл ненің күлкілі екенін түсіндіру қиын. Бірақ жалпы оны былай да айтуға болады: «жағдайға басқа жағынан қарасақ», «мен бұл әлемді қалай көремін».

А. Жапатова