Әлеуметтік желідегі аватар адам туралы не айта алады: психолог пікірі

Әлеуметтік желідегі аватар адам туралы не айта алады: психолог пікірі
Фото: ferran.org

Франческа есімді психолог көпшіліктің алдына қойған фотосуретіңіз сіз туралы қалағаныңыздан да көп нәрсені айта алатын құпияларымен бөлісті.

Ренуар картинасы

Айналада адамдар көп болса

«Егер адам профильдік фотосурет ретінде өзін басқа адамдар қоршап тұрған суретті таңдаса, ол экстраверт. Мұндай адамдар, әдетте, көптеген адаммен бірге, түрлі-түсті фотосуреттерді орналастырады. Олар мұндай ортада өзін ыңғайлы сезінеді», - деді Франческа.

Профиль фотосы жиі өзгереді

«Әлеуметтік желілердегі басты сурет апта сайын өзгеретін болса ол адамның айқын болмысы жоқ және өзіне сенімді емес екенін көрсетеді. Ондай адап күйзелістен зардап шегіп, басқалардың көмегіне мұқтаж болуы мүмкін», - деді психолог.

Әлеуметтік желілердегі аватардағы фотосуретті жылына бірнеше рет немесе сіздің өміріңізде елеулі өзгерістер болған жағдайда өзгерту жеткілікті деп саналады.

Климт картинасы

Жартылай жалаңаш суретке түсу

 «Сексуалды фото адамның кемшілігі бар екенін білдіруі мүмкін, ол осы арқылы басқалардың назарын өзіне аударуға тырысады. Ал сіздің мақсатыңыз әлеуетті серіктес табу болса және денеңіздің жалаңаш жерлерін көрсету арқылы қалағаныңызға жетемін деп ойласаңыз, қателесесіз, бұл әрекетіңіз арқылы керісінше басқаларды «шошытып» жібересіз. Және бұл ерлерге де, әйелдерге де қатысты», - дейді психолог.

Климт картинасы

Сүйікті адамыңызбен бірге

 «Егер сіз күйеуіңізбен, жігітіңізбен немесе жарыңызбен түскен суретті профильге қойып жатсаңыз, бұл сіздің оған тым көп сенетініңізді білдіруі мүмкін. Жұбыңызғаі денеңіздің бір бөлігі ретінде қабылдайсыз. Көбінесе мұндай фотосуреттерді алаңдап жүретін адамдар қояды. Олар жұбынан жоғары эмоционалды жақындықты қажет етеді. Олар өзіне сенімсіздікпен қарайды, қызғанады. Ал мұның себебі – сүйіктісі тастап кетеді деп қорқу», - дейді психолог Франческа.

Чарльз Бертон картинасы

Баламен немесе мысықпен (итпен) сурет

«Мұндай адамның басқаларға жанашырлық таныту немесе оларға қамқорлық жасау қабілеті бар. Мұндай қарапайым лайфхакқа ер адамдар жиі барады. Бұл әдіс шынымен пайдалы. Мысық не итпен түскен суретін қойып қыздармен тез танысуға болатынын статистика дәлелдеген», - деп атап өтті психолог.

Ван Гог картинасы

Камераға жоғарыдан немесе төменнен қарап

«Камераға төменнен қарап тұрған кадр сіздің артықшылығыңыз бен үстемдігіңізді, мүмкін тым көп эго екеніңізді білдіреді. Ал егер сіз профильдік фотосуретіңіз үшін камераға төменнен түссеңіз, бұл сіздің кішіпейілдігіңізді және өзіңізді құрбан ете алатыныңзды сонымен қатар сенімсіздікті көрсетуі мүмкін», - дейді Франческа.

Т. Раушанұлы