Жалқаулық: Бозторғай кешкі уақытта ұшқысы келмейді

Жалқаулық: Бозторғай кешкі уақытта ұшқысы келмейді
Фото: pinterest.com

Еріншектік – кез келген адам бастан өткеретін сезім. Сезімнің бұл түрі адам психологиясындағы барлық ақаудың жиынтығы деседі.

Жер шарында өмір сүретін адам еріншектіктің күнделікті бір сәтке болсын құрбаны болады. Ол адамның жынысына, түріне, нәсіліне қарамайды. Тіпті ғалымдар еріншектікті жағымды, жағымсыз түрге ажыратарда біраз әуреге түскен. Еріншектік әртүрлі уақытқа созылуы мүмкін. Бір адам жалқаулықты тез еңсерсе, енді бірі таңнан кешке дейін төсекте жатып "қазір тұрам" деумен күнін батырады. Басқа аурулар сияқты жалқаулықтың да өз белгілері болады. Мамандар жалқау адамдарды қыс мезгілінде қалың ұйқыға кететін жануарлармен салыстыру арқылы зерттеген. Алайда жалқаулық адамдар үшін мезгіл ырқына бағынбайды. Психологиялық аурудың бұл түрі адам психикасында 12 сағаттан 2 аптаға дейін созылуы әбден мүмкін.

Жалқаулық туралы қызықты 5 факт

Жалқаулық туралы қызықты ақпараттар легі толассыз. Соның бірі жалқаулықтың маусымдық сипатқа ие болуы. Себебі жалқаулық адамдарды көктем мезгілінде едәуір азапқа салады. Ал ғалымдардың сөзінше, бұл адам ағзасындағы витаминдердің аздығымен тікелей байланысты.

Бірінші факт, жалқаулық адамды өзіне бағындырған сәтке келер болсақ, әдетте ол кезде бәрі биоритм ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, бозторғайдың кешкі уақытта ұшуға зауқы соқпайды. Ал жарғанатта керісінше. Сол сияқты жұмыстың тиімділігін арттыру үшін биоритмді реттеу маңызды. Алайда бұл кез келген уақытта жүзеге аспауы мүмкін. Әсіресе, адам жалдамалы қызметкер болса.

Екінші факт, статистика бойынша жеке тұлғаның жұмыс орнында мең-зең күйде болуы. Бұған себеп, басшылықтың қызметкерді ақымақ, әрі қажетсіз адам ретінде есептеуі. Осының салдарынан тұлғада жұмысқа деген қызығушылықтын жоғалуы пайда болады.

Үшінші факт, мұның бәрі ағзаның қалыпты реакциясы. Яғни, жалқаулықты жеңу, тұлғаның ерік-жігеріне байланысты. Алайда, адамның ешнәрсеге зауқы соқпайтын сәттер болады. Бұны "патологиялық жағдай" дейміз. Мұндай кезде, "апатия" пайда болады. Ал бұның басты себебі, ағзада мелатониннің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Аурудың бұл түрі арнайы мамандардың көмегімен мұқият тексеруді талап етеді.

Төртінші факт, ғалымдар зерттеу нәтижесінде әйел адамның ер адамға қарағанда әлдеқайда жалқау екенін анықтаған. Дәрігерлер әйел адамдардағы мелатониннің жетіпеушілігін реттеу үшін, арнайы диета түрінде ұсынған. Ол үшін көкөністер мен жеміс-жидектерді көп жеу керек.

Бесінші факт, ғалымдар кейде жалқаулықтың адам денсаулығына пайдасы зор дейді. Ең бастысы барлығы өз мөлшерінде болуға тиіс. Күні бойы төсекте жатқаннан, таза ауада серуендеген пайдалы.

Жалқаулықтың 3 сатыда жіктелуі

Мамандар тіпті жалқауларды түрлі сатыға жіктеуді үйренген. Бірінші сатыда, ағзасы төмен тонуста нәтиже көрсететіндер. Оларға жалқаулықпен күресудің мәні жоқ. Бұл жағдайда ең алдымен тонусты арттыру керек. Екінші сатыда, жылдам зерігетін адамдар. Олар бір іспен ұзақ уақыт айналыса алмайды. Өйткені өз қызметін ұнатпайды. Егер жұмыста жалқау қызметкерлер көп болса, бұл істі екі есе қиындатады. Үшінші сатыны жоспарсыз жүретін адамдар құрайды. Олар күнделікті жоспар құрмағандықтан, аса күрделі жағдайға жиі душар болады. Сол үшін күнде арнайы жоспар дайындап, оны бұзбауға тырысқан жөн.

Жетістікке жеткен жалқаулар

Психологиялық індеттің бұл түрімен тек қарапайым адамдар ғана емес, сондай-ақ, данышпандар да күрескен. Мысалы, Эйнштейн, Пикассо, Дарвин және Черчилльде данышпан жалқаулардың қатарынан. Олар үшін бір орыннан қозғалмай сабақ оқу, тым іш пыстырарлық жағдай болған. Ұстаздары да "сендер білім алудан артта қалған адамсыңдар" деп кемсіткен. Алайда осы данышпандар әлемнің жарты кереметін бізге паш еткендей. Гогольдың мына бір сөзін тілге тиек етсек болады. "Жалқаулық  адамзаттың қас дұшпаны". Дегенмен Гогольдың өзі бұл сезімді бастан өткерген.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны

Еріншектің 10 сылтауы

А. Шопанова