Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Қытайға жол жүретін жандарға арналған кеңестер

Қытайға жол жүретін жандарға арналған кеңестер

Қытайға жол жүретін жандарға арналған кеңестер

Қытайда пневмонияның асқынуына себеп болған коронавирустың таралуына байланысты ақпарат көптеп тарауда. Интернетте шыны да, өтірігі де жарияланып жатыр. Бірақ қауіп бары жалған емес.

Бүгін Ухань қаласында өтуі тиіс болған бокстан Олимпиаданың іріктеу турнирі кейінге шегерілді. Сондай-ақ ауру шыққан бұл қалада базарлар 1 қаңтардан бері жабылған.

Вирустың қаупі мен таралуы жайлы осыған дейін біздің сайтта мақала жарияланған. Бүгін Қытайға жол жүретін жандарға аз-кем кеңес жазуды жөн санап отырмыз.

Қазіргі таңда мамандар коронавирусты толықтай зерттеу үстінде. Олар 2002 жылы болған атипті пневмониядан қауіпті емес деп санайды. Ол кезде бұл аурудан 774 адам көз жұмған еді.

Аурудың қалай таралатыны да қазір толық анықталмаған. Уханьда полиция мамандары жалған ақпарат таратқандарды жазалауды бастаған. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігімен бірлесе отырып жағдайды бақылауда ұстауда.

Вирустың басты белгілері қандай?

- дене температурасы 39 °С-қа дейін көтерілуі;

- тері бозаруы;

- көкіректі қырнап шығатын құрғақ жөтел;

- тершең болу;

- бірден әлсіреу;

Вирустың шығуына байланысты Қытайға барғанда сақ болу керек. Егер шұғыл шаруа болмаса, кейінге қалдырған да жөн. Өзіңіз де, сізді ойлайтын жандар да алаңдамайтын болады.

Егер аспан асты еліне жол түсіп тұрса кей қарапайым гигиеналық ережелерді естен шығармау керек. Қолды жуып жүру, маска киіп жүру, ет пен жұмыртқаны толық пісіру және жөтеліп, болмаса түшкірген адамдардан алыстау жүруді есте ұстаңыз. Сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы даярлаған инфографиканы назарларыңызға ұсынамыз.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: nsn.fm
Қосылған күні: 22 қаңтар, 17:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.