Подкаст жасауға арналған бес сервис

Подкаст жасауға арналған бес сервис

Подкастар алғаш 90-жылдары шыққанымен, қазір қайта жанданып отыр. Бұл негізінен адамдар мобильдік құрылғыларды көбірек қолдануымен байланысты. Оған жарқын мысал ретінде Чикаго қоғамдық радиосы (WBEZ)  былтыр шығарған  Serial подкастын атауға болады. Ол подкаст әлемінде ең танымал жобаға айналып, iTunes-та 5 миллионнан артық рет көшіріп алынған .

Подкастар – әдетте оларды жасаушылардың веб-сайтынан тыңдауға болатын тегін аудиофайлдар, бірақ қолданушылар көбіне оларды мобильдік құрылғыларына көшіріп алып, жүре тыңдағанды ұнатады. Подкастар алуан түрлі тақырыптарға арналады, оның ішінде журналистика мен БАҚ дамуы да бар.

Қазір, журналистерге подкастармен жұмыс істеуді меңгеру бұрынғыдан ерекше қажет болып келеді. Сондықтан да бізге компьютер немесе мобильдік құрылғы көмегімен аудиошоу жасауға көмектесетін онлайн-құралдар керек.

IJNet сайты жасаған журналистер өз подкастарын жасау үшін қолдана алатын сервистер тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Spreaker: "радиоэфир жұлдыздарын" жарқыратуды мақсат ететін  мобильдік қосымша. Оның көмегімен кез келген пайдаланушы тікелей эфирде подкаст не радиошоу жасай алады. Бұл қосымшаның диджей пульті функциясы аудиожинақтан музыка таңдап, оны шоуға қоюға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ, қосымшада танымал подкастармен жақынырақ танысуға да болады. Қосымшаның өзі жақында ғана шықты, ал  Spreaker веб-платформасы бірнеше жылдан бері бар.  iOS, Android және Windows құрылғыларына арналған.

Opinion podcast: iOS-қа арналған қолданылуы оңай бұл мобильдік қосымша аудиожазбаларды өңдеп, бөлісуге мүмкіндік береді. Қосымшаның тегін нұсқасымен ұзақтығы он минут подкастар жасауға болады. Ақылы нұсқасымен (3.99 доллар) шексіз аудио жаза аласыз.

BlogTalkRadio: бұл веб-платформа өз компьютеріңіздің жұмыс үстелінде радиошоу жазып, оны подкаст түрінде сақтауға мүмкіндік береді. Сервис ақылы да, тегін де қызметтер ұсынады. Бұл — подкастинг сервисін ұсынған алғашқы веб-құралдардың бірі.  Осы платформадағы өзге жазбалардың арасынан Колумбия университеті журналистика мектебінің  және басқа да көптеген жергілікті жаңалық агенттіктерінің вебкастарын таба аласыз.

SoundCloud: бұл — аудио жазуға арналған қосымша және 175 миллион белсенді пайдаланушысы бар, тәуелсіз музыканттардың өзін-өзі таныту алаңы болып отырған веб-сайт. Жақында подскаст жасаушыларды да өз қатарына қосып, оларға өз шоуларының RSS-каналына сілтеме жасауға және оларды  iTunes пен өзге де посдкаст сервистері арқылы жұртқа ұсынуға мүмкіндік берді.  SoundCloud пайдаланушылары үш сағатқа дейін аудионы тегін жүктей алады. Одан ұзағырақ жазбалар үшін сервис түрлі ақылы нұсқалар ұсынады. Қосымша iOS пен Android құрылғыларына арналған.

Buzzsprout: бұл веб-құрал подкастарды компьютердің жұмыс үстелінде жазып, өңдеп, жариялауға мүмкіндік береді. Сіз екі сағатқа дейін аудионы тегін жазып, подкастыңызды сайтта 90 күн сақтай аласыз. Ақылы нұсқалар бұдан да артығырақ мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ, пайдаланушылардың контентіңізге деген қатынасын көріп отыру үшін сервис аналитика да ұсынады.  Сонымен қатар, бұрынғы подкастарыңыз болса, оларды сізге  iTunes арқылы жазылуға мүмкіндік беретін, бапталатын веб-сайтта жариялай аласыз. 

Дереккөз: newreporter.org





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

"Уланған" көлдер
Marhaba Sabi – Mi, Qi