Сапалы инфографиканың негізі

Сапалы инфографиканың негізі
Фото: freepik.com

Соңғы жылдары ақпараттарды инфографика түрінде жеткізу кеңінен танымал. Жыл сайын жаңа ережелер мен стильдер қосылса да, негізгі элементтері өзгеріссіз қалады. Сапалы инфографиканы қалай жасау керек? Ендеше мына ережелерді назарға алыңыз:  

1. Тарих
Аудиторияға қызықты болу үшін құр сандар топтамасынан гөрі, оқиға желісі бар тақырып таңдаған тиімдірек. Тақырыпты таңдау барысында оқырмандардың талғамына, қызығушылығы мен таңдауына сараптама жүргізіңіз.

2. Стиль
Стиль – бұл адамның жеке дағдысы. Дизайнер қандай тәсілдер арқылы оқырманды ұстап қалуға болатынын білед. Инфорграфика қабылдауға жеңіл болуы шарт.

3. Қарапайымдылық
Минимализм – өнердің өзгеше пішіні. Ірі әрі әртүрлі шрифттерден, сан алуна түстерден алшақ болыңыз. Нақты ақпараттарды ғана жазыңыз.

4. Өлшемі
Инфографика өте ұзын болмауы тиіс, ал өлшемі бойынша орта көлемді болуы тиіс. Әйтпесе, инфографика ұзақ жүктелетін болады. Ал, ұзындық бойынша орташа өлшем – 1500-2000 пиксель.  

5. Статистика
Егер ұсынған мақалаңызда сандық ақпарат көп болса, инфографика – таптырмас көмекші. Тек ақпараттар сенімді жерден алынуын қадағалаңыз.

6. Бөлісу мүмкіндігі
Инфографиканы бөлісуге ыңғайлы етіп жасаңыз. Өзге де сайттар ақпарат көзі ретінде қолдана алатын болсын.

7. Ақпарат көзі
Инфографикада міндетті түрде ақпарат көзі көрсетілуі тиіс. Әйтпесе, сілтеме көрсетілмеген инфографика авторлық құқықты бұзады. Екіншіден, ақпарат көзі анық көрсетілген инфографика әлдеқайда сенімдірек.

Т. Есқали