Жер бетіндегі ең жылдам интернет қай елде?

Жер бетіндегі ең жылдам интернет қай елде?
Фото: www.slate.com

Адамдар, жан-жануарлар, табиғат, түрлі ғажайып құбылыстар – бұлардың бәрі жер бетінде болып жатқан, тіршілік кешіп жүрген қалыпты ұғымдар ғана. Ал адам баласы ғажайыптар мен өзіне таңсық ақпараттарды білу үшін жандарын құрбан етуге бар. Себебі қазір білектің емес, білімнің заманы. Біз ұсынып отырған қызықты ақпараттар сіздің білімді арттырмаса, кемітпесі анық. 

Жер бетіндегі ең жылдам интернет – Гонконгта. 

Қасқырлар дыбысты 9 километр жерден естиді.

Таң қаларлық ақпарат, көпшіліктің сүйікті актерлерінің бірі – Джейсон Стетхем 1998 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 

Солтүстік мұзды мұхит аюлары 96 шақырым демалыссыз жүзіп өте алады. 

Адам өмір бойына 50 келі терісін жоғалтады. 

Жер бетіндегі рекорд орнатқан кептеліс 1 аптаға созылған. 

Жер айдан 80 есеге ауыр екенін білесіз бе? 

Кенгуру бір секірген кезде арасы 13 метр болатын жерге дейін секіре алады. 

Дубайда әрбір туған балаға 50 000 АҚШ доллары беріледі. 

GTA 5 ойыны есіңізде ме? Ендеше біле жүріңіз, бұл компьютерлік ойынға 270 000 000 АҚШ доллары жұмсалған. 

Корея елінде жарының көзіне шөп салғаны үшін 2 жыл бас бостандығынан айрылады. 

Ұлыбританияның астанасы Лондонда қала сақшылары қолдарына әскери қару алып жүрмейді. 

«Канада» сөзі ежелгі үнді тіліндегі «ауыл» деген сөзден шыққан. 

Формула 1 бәйгесінде 13 санындағы көлік номері жоқ. 

Жер бетіндегі 90% адам өз мысығымен адам секілді сөйлеседі. 

Жылан үш жыл қатарынан ұйықтай алады. 

Адамзат тарихындағы ең ұзақ өлім мен өмірдің ортасында ессіз жату ұзақтығы 19 жылға созылған. 

Жапондар жер бетіндегі ең ұзақ жасайтын ұлт ретінде тіркелді.

Ұшақ – ең қауіпсіз тасымал көлігі екенін білесіз бе? Биікте болса да, бұл – ақиқат. 

Грекия еліндегі ауа райының кереметтігі сондай, ондағы кинотеатрлардың төбесі болмайды. 

Италияда әрбір отбасы үй жануарын ұстайды. Онда «жабайы мысық» немесе «далада қаңғып жүрген ит» дейтін түсінік жоқ. 

Аққулар 102 жылға дейін өмір сүре алады. 

Лизтомания – музыка тыңдай алмаса тұра алмайтын адамда болатын құбылыс. 

М. Ақан