Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Расында, біз қандай адамбыз?

Расында, біз қандай адамбыз?

Расында, біз қандай адамбыз?

Адам – осынау жер шарындағы қадірі биік ең нәзік әрі ең әлсіз жаратылыс. Адам – Құдайдың ең ғажап туындысы. Жан мен жүректі жылататын да жұбататын да, күлдіретін де, қуаныш сыйлайтын да адамның өзі. Өмір сүретін ортаға, қоғамға өзгеріс енгізетін де адамның өзі. Жақсы қылатын да, жаман қылатын да – адам. Бүгін барсыз, ертең жоқсыз. Бар болғаны бақытты өмір сүруге ұмтылыңыз. "Адам бола білу – ең қиын мамандық" – дейді Х.Марти. Расында, біз қандай адамбыз? Бір сәт ойлануға уақыт табылады. Біз ұсынған мына даналық сөздерді бір оқып, өз жан дүниеңізге үңіліп көріңіз...

***

Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ адам оларды басқадан іздейді. 

Конфуций

***

Сіз туралы жаман ойлайтындар – сізден әлсіз адамдар. Мықты адамдар сіз жайлы ойлауға уақыттары жоқ.

Шарль Талейран

***

Ешқашан саған сенетін адамды алдама. Cені алдаған адамға ешқашан сенбе.

Бернард Шоу

***

Түкке тұрғысыз нәрселерді жүрекке қабылдай беретін адам – махаббатқа адал келеді. 

Лев Толстой

***

Ұяты бар адам иттен де ұялады. 

Антон Чехов

***

Адам ақылды болған сайын қарапайым келеді. 

Цицерон

***

Адам бәрiн керсiнше iстейдi. Үлкен болғысы келедi, сосын балалық шағы туралы ойлап күрсiнедi. Ақша үшiн денсаулығын құртып, денсаулығын дұрыстау үшiн ақшасын құртады. Болашағы туралы асыға ойлап, қазiргi өмiрiн керек қылмайды, сөйтiп не қазiргi, не болашақ өмiрi жоқ күй кешеді. Ешқашан өлмейтiндей өмiр сүрiп, ешқашан өмiр сүрмегендей өтіп кетеді. 

Пауло Коэльо

***

Өмірінде бір рет сатқындық жасаған адам, екінші рет оны міндетті түрде қайталайды. 

Майк Тайсон

***

Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі – не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі – кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.

Омар Хайям

***

Әр адам — бір-бір жұмбақ. 

Шерхан Мұртаза

***

Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды. 

Шәкәрім Құдайбердіұлы

728 9
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 12 қазан, 14:45
Пікірлер
+0
13 қазан, 11:31

"Түкке тұрғысыз нәрселерді жүрекке қабылдай беретін адам – махаббатқа адал келеді." - дей ме, расында да келісемін. Өзімді сондай адамдар қатарына ұялмай жатқыза аламын, себебі мен болмашы нәрсеге ренжимін де кейін жылы сөз естісем кешіре саламын. Мамандық үйретті ме, әке-шешем сірә солай тәрбиелеген болу керек кез-келген адамға жақсылық жасағым келеді, бір сәттік қуанту мен үшін бақыт десем қателеспеймін. Мен қандаймын? деген сұрақты өзіне жиі қоя білген адам өз мін-мінезін де реттей алады деген ой бар менде...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...