Қызыл шиені кімдерге жеуге болмайды?

Қызыл шиені кімдерге жеуге болмайды?
Фото: nash-sonnik.ru

Жаз басталғанда көпшіліктің асыға күтетіні – денсаулыққа пайдалы жеміс-жидектер маусымы екенң. Алайда, олардың кейбірі денсаулыққа пайда емес, зиян тигізіп жататын кездері болады.

Қызыл шие (черешня) шын мәнінде емдік қасиеттерге толы жидек болып табылады. Көптеген зерттеулер бұл жидектің адам баласын сұлу етіп көрсетуге көмегі мол екенін дәлелдеп шықты. Оның құрамында тырнаққа, шашқа және теріге игі ықпал ететін В1 және В2 витамині бар.

«Қызыл шие безеу, есекжем (қышыма) және теңге қотыр (псориаз) секілді әртүрлі тері аурулары кезінде жақсы көмектеседі», - дейді мамандар.

Бұған қоса, қызыл шиеде сүйекті, тісті қатайтатын, сондай-ақ көздің жақсы көруі үшін аса маңызды болып саналатын А привитамині бар.

Құрамында антиоксиданттар көп болғандықтан қызыл шие қартаю процесін баяулатады және жасушалардың регенерациялануына ықпал етеді. Бұл жемісті тұрақты түрде тұтыну жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін жақсартады. Дәрігерлердің айтуы бойынша, қызыл шиенің түсі қою түрі гипертония кезінде аса пайдалы екен – қан қысымын төмендетеді, ал құрамындағы антоциандар қылтамырларды нығайтады.

Сонымен қатар, қызыл шие ас қорыту жүйесін қалпына келтіру үшін де өте пайдалы. «Қызыл шие жемістері зат алмасуды жақсартады және ас қорытуға жақсы әсер етеді – аш қарынға жеген кезде ол іш қатудан көмектеседі, сондай-ақ асқазан түйнеп ауырған кезде өте тиімді», - деп баға береді терапевт-дәрігерлер.

Соған қарамастан, қызыл шие ішектің жабысып қалуынан зардап шегетін жандардың хал-жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ, асқазан жарасы, асқазан сөлінің қышқылдығымен гастрит, іштің кебуі секілді аурулары бар адамдардың да қызыл шиені аса сақтықпен жегені дұрыс. Қант диабетіне шалдыққан жандар да өз денсаулықтарын нашарлатып алмас үшін жидектің бұл түрін тұтынбауға кеңес береді.

Ғалымдардың айтуы бойынша, қызыл шиені ас ішіп болған соң бірден жеуге болмайды: тамақтанғаннан кейін кем дегенде 30 минут өткенше күте тұрған жөн. Сонымен қатар, жидектің бұл түрін аса көп мөлшерде жеген жағдайда адамда іш өтуі (диарея) болуы мүмкін.

Дереккөз: reactor.inform.kz

О. Сансызбай