Білектегі томпақ ісіктер неден пайда болады?

Білектегі томпақ ісіктер неден пайда болады?
Фото: adme.ru

Кейбір адамдардың қолында томпақ ісіктер болады. Оны көбі сірке суымен кетіруге тырысады. Біле білсеңіздер, бұл әдіс сіздің денсаулығыңызға қауіп төндіруі де мүмкін екен. Сондықтан оған бей-жай қарамаған дұрыс. 

Бұл ісіктер қатты немесе жұмсақ болып келеді. Көп жағдайда адамның білегінде пайда болады. Алаққанның сыртында немесе бас бармақтың арасында шығуы сирек түрде болса да кездесіп жатады.

Ісіктердің пайда болуының негізгі себептері: 

- Сүйек-буын аппараттарының туғаннан әлсіз болуы;
- Жарақаттың әсері, шығып кеткен кезде сүйектердің дұрыс салынбауы;
- Білек терісінің тым жұқа болуы;
- Үнемі білекке салмақ түсетін жұмыс істеу; (музыканттар, тігіншілер, компьютермен жиі жұмыс істейтіндер).

Ал мұндай ісіктерді міндетті түрде хирургке немесе ортопедке көрсеткен дұрыс. Әрі білекке салмақ салуды доғарып, нәтижелі ем алу қажет.

Дереккөз: ikerim.kz

Ө. Сансызбай