- Негізгі бет
- Жаднама
- Медицина қызметкерлерін құттықтауды...
Медицина қызметкерлерін құттықтауды ұмытпаңыз
Жүйкесі жіптей жұқа, жазуын өзінен өзге түсінбейтін мамандар өзгелерге қарағанда сауықшыл келеді екен. Әңгіме кім турлы екенін бірден түсінген боларсыздар. Дәрігерлер бір айда бірнеше мейрам тойлайды. Олардың әр саласына арнайы белгіленген атаулы күн бар.
4 ақпан – онкологтар (ісік ауруларын зерттейтін және емдейтін дәрігер) күні
9 ақпан – тіс дәрігелері күні
21 ақпан – фельдшерлер (дәрігердің көмекшісі) күні
22 наурыз – патологоанатом (паталогиялық анатомия маманы) күні
24 наурыз – Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні және фтизиатрлар (фтизиатрия маманы) күні
27 наурыз – нефрологтар (бүйрек ауруын емдейтін дәрігер) күні
5 сәуір – неонатологтар (жаңа туған нәрестелерді қарайтын дәрігер) күні
7 сәуір – дерматовенерологтар (тері және соз ауруларын тексеруші) күні
28 сәуір – жедел жәрдем қызметкерлері мерекесі
5 мамыр – акушерлер (босанатын әйелге жәрдемдесетін дәрігер) күні
12 мамыр – Бүкіләлемдік мейірбикелер күні
17 мамыр – пульмонологтар (өкпе аурулары дәрігері) күні
20 мамыр – Бүкіләлемдік сынықшылар (травматолог) күні
Маусым айының үшінші жексенбісі – Бүкіләлемдік медицина қызметкерлері күні
26 маусым – наркологтар (есірткі тұтынатындардың маманы) күні
15 шілде – гинекологтар (әйелдер ауруының маманы) күні
25 шілде – тіс салушы мамандар мерекесі
8 тамыз – Бүкіләлемдік офтальмология (көз аурулары және оны емдеу туралы ғылым) күні
@. @assel_assanova