Қант диабетінен сақтаныңыз

Қант диабетінен сақтаныңыз
Фото: homeopat.org.ua

Қант диабетінің пайда болу себептерінің бірі  тамақтану тәртібінің өзгеруі, атап айтқанда тез қантқа айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс көп пайдалану. Сол сияқты шамадан тыс тамақтану және дене қозғалысымен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді. 

Ең бірінші белгілері: 
- суға құмарлық (полидипсия); 
- кіші дәреттің жиілеуі (полиурия); 
- үнемі шаршаңқы болу (полифагия); 
- үнемі қарын ашу.

Аталған ауруға шалдыққан науқасттар үшін негізгі ем – диетотерапия. 

Балалардың тамағы құнды, майсыз, оңай қорытылатын, қанты аз болуы керек. Қант диабетімен ауыратын баланың рационында ет, жұмыртқа, балық, қаймақ, қанты аз көкөністер болуы керек (капуста, қияр, помидор, шалғам (редиска), мүкжидек (клюква), тәтті болгар бұрышы). Майлы тамақты аз, өсімдік талшықтарын көп пайдаланыңыз! Күніне жеміс-жидектермен 5-6 рет тамақтаныңыз. Көмірсутегіне бай азықтарды көбірек тұтыныңыз. Бұл қанға глюкоза жетуін бәсеңдетеді, холестериннің деңгейі төмендейді. Қант пен тұзды пайдаланбаңыз. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ қан қысымын тез көтеріп жібереді. 

Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, әсіресе жүрек-тамыр жүйелерін жақсартасыз. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады. 

Диабет кезінде есте сақтау жады және мидың басқа да қызметтері бұзылады, сондықтан алдын алу ұзақ уақыт бойы мидың толық жұмыс істеуін сақтайды. Диабет ер кісілердің де, әйелдердің де жыныстық өмірі жағдайына кері әсер етеді. Егер 40 жастан жоғары диабетке шалдыққандар болса қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет. Салмағыңызды қалыпты ұстаңыз. Тез жүру – семірудің бірден бір емі. Аптасына 5 рет дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын кісілер қант диабетімен ауру қауіп дәрежесін 50% дейін төмендетеді. Кез келген ауа райында күніне 4 километр жаяу жүріңіз. Жылына 2 рет эндокринолог-дәрігердің қабылдауына барыңыз. 

Арнайы мамандардың кеңесінен невропатолог, окулист, кардиолог, нефрологтың тексеруінен өту қажет. Жалпы балалардың организмі өсіп келе жатқандықтан ақуыз мөлшері азайтылмайды. 40 жастан кейін дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дұрыс жолға қою арқылы диабетті емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бұл жағдайда дұрыс диета сақтаудың мәні зор.

Дереккөз: anabol.kz

Г. Берік