Фейсбук ютуб каналының аналогын жасамақ

Фейсбук ютуб каналының аналогын жасамақ
Фото: massaget.kz

Фейсбук компаниясы ютуб каналына бәсекелес болатын, бәлкім, тіпті, басып озатын Facebook Watch видео платформасын ұсынды.

Оның жұмыс жасау принципі мынадай: әлеуметтік желідегі парақшаңызға ілікпеген видео контент бөлек платформада сақталып тұрады, сіз оларды қарау үшін арнайы сол бетке өтесіз. Пікірді видео қарап отырған кезде жаза беруге болады.

Facebook Watch сериал, спорттық ойындар трансляциясы мен телебағдарламаларды да қарауға мүмкіндік береді. Жуырда оның ұялы телефондарға арналған қосымшасы шығады деп жоспарлануда.

10 тамыз күні АҚШ-тың бірегей азаматтары жаңа платформаны пайдаланып көрді. Жақында ол өзгелерге де қолжетімді болады.

А. Оралқызы