Өзін-өзі басқаратын кеме пайда болды

Өзін-өзі басқаратын кеме пайда болды
Фото: vk.com

Өзін-өзі басқаратын алғашқы жүк кемесі 2018 жылы қолданысқа енеді. Оны норвегиялық Yara International агро-холдингі және Kongsberg Gruppen аталатын навигациялық жүйелермен жұмыс істейтін компаниясы бірлесе жасап шығармақ.

Бір кеменің құны 25 млн АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұл қарапайым кеме бағасынан 3 есе қымбат. Бірақ, кемені басқаратын топты қажет етпеуі әдеттегі шығынды 90%-ға азайтады екен.

Yara Birkeland кемесі электрлік тарту күші негізінде жұмыс істейтін болғандықтан өндірушілер оған "Теңіз Тесласы" атауын қойып үлгерген. Жоспар бойынша 2019 жылдан бастап кемені қашықтықтан басқарып отыру мүмкіндігі туады. Ал, 2020 жылы ол толық автоматтандырылады.

Кеме жүйесі қозғалысқа, жүкті тиеу мен түсіруге камера, радар, сенсор, GPS пайдаланады. Кеме 3500-4500 тонналық 100-150 контейнер тасымалдай алады. 

А. Оралқызы