Стив Джобстың құрметіне арналған опера жарық көрмек

Стив Джобстың құрметіне арналған опера жарық көрмек
Фото: www.fastcodesign.com

Apple корпорациясының негізін қалаушы Стив Джобстың құрметіне арнап, опера жазылады. Тұсаукесері 2017 жылға белгіленген The (R)evolution of Steve Jobs туындысында дарынды инженердің барлық кәсіби жетістіктері сипатталмақ. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Туындыда оның жеке басына қатысты тұстар да назардан тыс қалмайды. Атап айтсақ, оның ата-анасымен және жұбайы Лорен Пауэлл Джобспен қарым-қатынасы жайлы да баяндалады. Операның композиторы — Мэйсон Бейтс. Либреттосын атақты Марк Кэмпбел жазады. 

Әлемде технологиялық тұрғыдан жаңа өнімдер тізбегін өндіруге себепкер болған Джобс туралы опера Apple компаниясының жанкүйерлеріне ұнауы әбден мүмкін.

Ж. Өрісбай