«Стив Джобс» фильмінің жаңа трейлері шықты

«Стив Джобс» фильмінің жаңа трейлері шықты
Фото: megaobzor.com

Денни Бойл түсіріп жатқан фильмнің прокатқа шығуына да екі ай қалды. Кинокартина авторлары премьераға дейін барынша көп көрермен тартуға тырысуда. Ол үшін трейлерлермен қатар, фильмнің қызық эпизодтарынан тұратын тизерлер жарияланып жатыр. Бүгін Стив Джобстың рөлін Майкл Фассбендер сомдайтын фильмнің жаңа трейлерін көре аламыз.

Трейлердегі кейбір эпизодтар осыған дейінгі шыққан тизерлерде болған болса да, фильмді жаңа қырынан аша алған. Трейлерден Джобстың мынадай аңызға айналған пікірін естиміз:

«ХХ ғасырдың екі маңызды оқиғасы одақтас елдердің соғысты жеңуі мен Macintosh компьютерінің таныстырылуы болады».

Естеріңізге сала кетсек, «Стив Джобс» фильмі әлемдік прокатқа 9 қазанда шығады. Ал егер 5 қазан күні кездейсоқ Нью-Йорк қаласында болатын болсаңыз, кинофестивальге қатысып, фильмді төрт күн ерте көру мүмкіндігіне ие боласыз.

Ж. Өрісбай