Қытай жастарға ойнауға "рұқсат берді"

Қытай жастарға ойнауға "рұқсат берді"
Фото: http://myxboxlive.com/

Қытай өз жерінде видеоойындар ойнауға арналған құралдарды сатуға рұқсат берді, - деп жазады The Wall Street Journal. Бұған дейін америкалық Microsoft, жапониялық Sony және Nintendo секілді компаниялар ойын консолдарын Қытай жерінде сатқысы келсе де, мемлекет рұқсат бермей жүрген еді. Ел заңы бойынша, консолдарды тек Шанхайда сатуға болатын.

Қытай бұл заңды жастарға зиян болады деген желеумен 2000 жылы қабылдады. Есесіне, Қытайда дербес компьютерлер мен смартфондарға арналған ойындар кеңінен тарап кетті.

Newzoo BV компаниясының болжауынша, биыл аспан асты елінде консолдар 2014 жылмен салыстырғанда 23 пайызға көбірек сатылады. Бұл тұтынушылар бір жыл ішінде 22,2 миллиард доллар жұмсайды деген сөз.

М. Бисембаева