iPhone 6s смартфоны 0,2 мм-ге қалыңдайды

iPhone 6s смартфоны 0,2 мм-ге қалыңдайды
Фото: appleinsider.ru

KGI агенттігінің сарапшысы Минг-Чи Куо жақында iPhone 6s корпусының қалыңдау болатыны туралы айтқанын хабарлаған болатынбыз. Бұл Force Touch технологиясының жаңартылуынан болуы мүмкін. Айта кетсек, осыған дейін жарияланған мәліметті жапондық Engadget ресурсы растап отыр. Жуырда таныстырылатын iPhone смартфонының жарияланған сызбасына орай, аппарат бар болғаны 0,2 мм-ге қалыңдай түспек.

iPhone 6 девайсының қалдыңдығы – 6,9 мм. Ал жарияланған фотоға сенсек, 4,7-дюймді жаңа модель ені 7,1 мм болған 5,5-дюймді iPhone 6 Plus смартфонымен теңесетін болады.

Мамандар смартфонның бірнеше миллиметрге қалыңдауы алдағы уақытта еш қиындық тудырмайтынын айтады. iPhone 6 смартфонына қолданылған сыртқаптар оның жаңа моделіне де үйлесетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, мұндай ұқсастық iPhone 4s аппараты таныстырылған кезде де орын алған еді. Смартфонның жаңа бөлшектерінің арқасында бірнеше миллиметрге қалыңдай түскен. Расында бұл мәліметті бірнеше интернет ресурсы хабарлағанымен, Apple компаниясы ресми ақпарат берген жоқ. Сондықтан мұны нақты расталған ақпарат дей алмаймыз. 

Ж. Өрісбай