iPhone 6s смартфонының корпусы қалыңдау болады

iPhone 6s смартфонының корпусы қалыңдау болады
Фото: arstechnica.com

Купертинолық компания жақында ғана iOS оперативті жүйесінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Тұтынушылардың ендігі назары қыркүйекте таныстырылатын жаңа iPhone смартфондарында болмақ. KGI сарапшысы Минг-Чи Куоның пікірінше, жаңа үлгінің корпусы біршама қалың болмақ.

Жаңа дереккөздерге орай, келесі нұсқадағы iPhone корпусы берік алюминийден дайындалады. Силикондық компания аталған металды Apple Watch сағатының корпусына пайдаланған. Ал алюминийдің беріктік құрамын ескерсек, жаңа смартфон корпусы iPhone 6 аналогынан қалыңдау болатыны анық. Нақтырақ айтқанда, жаңа смартфон 0,15 мм ұзындау және 0,2 мм қалыңдау болмақ.

Енді әлемдік беделге ие смартфон брендінің жаңа моделі туралы бейресми ақпараттар әр күн сайын дайындалатын болады. Ал оның ресми таныстырылуы ағымдағы жылдың тамыз немесе қыркүйек айында өткізілмек.

Ж. Өрісбай