Razer әлемдегі ең жылдам компьютер тышқанын ұсынады (видео)

Razer әлемдегі ең жылдам компьютер тышқанын ұсынады (видео)
Фото: dziemborowicz.com

Онлайн ойындарға қызығушылық танытатын адамдар Razer компаниясы шығаратын компьютер аксессуарларымен жақсы таныс. Себебі олар тек ойын тәртібіне бейімделіп құрастырылады. Ал ең танымал бөлшектердің бірі Mamba атауымен белгілі тышқандар болып саналады. Жақында Лос-Анджелесте (АҚШ) өткен Е3 ойын көрмесінде Razer өзінің жаңа аксессуарын ресми таныстырды.

Mamba сарапшылар тарапынан «геймерлерге арналған әлемдегі ең жылдам тышқан» статусын иемденді. Ендеше аксессуардың техникалық мінездемесіне тоқтала кетсек, 16 000 dpi дәлдікке ие лазерлі сенсор ойындағы кейіпкерді жылдам қозғалыспен қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, тышқанның көмегімен геймер пернетақтаның әрбір батырмасының ойындағы атқаратын функциясын өзіне икемді етіп өзгерте алады.

Mamba өніміне арнайы орнықтырылған тетік 16,8 миллион түрлі түске ауысады. Бұл ойынның әрін беру үшін жасалған. Ал арнайы дайындалған жарнамалық ролик голливудтық сарынға ие болыпты.

Сымсыз Mamba тышқаны 150 АҚШ доллары болса, сымға уланған үлгісі небәрі $90 бағамен сатылмақ. Razer өкілдері жаңа аксессуар бағасы біршама қымбат болғанымен, ойын барысында ләззат сыйлайтынына кепілдік береді.

Ж. Өрісбай