Ерекше компьютерлік тышқандар

Ерекше компьютерлік тышқандар

Қазір сіз осы жазбаны көре отырып тышқан дөңгелегін жоғары-төмен, оңды-солды басып отырған боларсыз. Иә, тышқан - бұл компьютермен жұмыс істеуге қажетті басты құралдардың бірі. 

Назарларыңызға креативті де ең ерекше компьютерлік тышқан түрлерін ұсынамыз. 

1. Aircraft Computer Mouse with LED Lights - бұл жарықдиодты индикаторлы компьютерлік ұшақ-тышқан. 

2.  Бұл The man’s body mouse немесе "Адам денесі" деп аталатын көомпьютерлік тышқан. Ер адамдардың мұндай затты сатып алуы екіталай-ау.

3. Optical Ferrari Car Mouse немесе "Ferrari автокөлігі" деп аталатын оптикалық тышқан. Аталған тышқан үлгісінің басты ерекшелігі жарықдиодты шырақтарында. 

4. Optical Mouse Skype Hands-free PC Speakerphone - Skype-қа арналған оптикалық тышқан. Бұл скайпты жиі қолданатындарға таптырмас құрал болары анық. 

5. Portable Finger Hand Held 4D Usb Mini Trackball Mouse. Егер сіз жаңа әрі ерекше нәрсені іздесеңіз, онда міндетті түрде назарыңызды осы тышқанға аударғаныңыз абзал. 

6.  Handshoe Mouse немесе "компьютерлік таға-тышқан". Бұл тышқан монитор алдында көп уақыт жұмсайтын адамдарға арналған. Тышқан құрылғысы шамамен 3 сантиметрге 800 нүкте оптикалық стандартты қолданады. Бұл бұлшық еттерінің шаршауының алдын алады. 

7. Келесі тышқан USB Penguin Mouse немесе "Пингвин USB". Өте позитивті тышқанның кішкентай балаларды қуантатыны сөзсіз. 

8. Sanwa NT-MA2. Бұл құрылғы компьютерлік тышқан мен сандық клавиатураны байланыстырған. Сонымен қатар осы құрылғының ақ түсті нұсқасы да бар. 

9. Тағы бір ерекше тышқандардың бірі Diamante USB Mouse. Тышқан гауһар тастармен қапталған және ол нәзік жандылардың сүйікті тышқаны болады десек, қателеспейміз. 

10.  Zero Mouse немесе "Нөл". Аталған құрылғы жеңіл әрі берік материалдардан жасалған. Ал оның дизайнін нағыз өнер туындысы деп есептеуге келеді. 

11. "Mus2" компьютерлік тышқаны. Сымсыз екі батырмасы бар осы тышқан курсор секілді көрінеді. Оның ерекше пішініне қарамастан ол қолда ыңғайлы және жайсыздық тудырмайды. 

12. MLB Baseball Cap немесе "Кепка". 

13. Body Mouse немесе "Дене" деп аталатын тышқан. Бұл тышқан дизайнін атақты дизайнер Крис Ломак жасап шығарған. Аталған құрал әзілқой адамдарға нағыз сыйлық болады. 

14. Saitek Obsidian 1000 dpi Wireless Rechargeable Optical Mouse. Тышқан дәлме-дәл бақылау үшін оптикалық тетікпен жабдықталған. 

15. Сымсыз эргономикалық компьютерлік тышқан. Ол компьютерден 4,5 метр қашықтықта жұмыс істей алады. Сонымен қатар ол ерекше дизайнімен де көзге түседі. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: bugaga.ru, blogga.ru

Ж. FM