Apple Watch екі есе қымбат болып шықты

Apple Watch екі есе қымбат болып шықты

Apple компаниясы өзінің алғашқы «ақылды» сағатының сатылымға шығу уақыты мен бағасы туралы ақпарат берді.

Қолға тағылатын смарт құрылғы тұтынушының физикалық белсенділігін бақылап қана қоймай, телефон хабарламалары туралы мәлімет беріп отырады. Сонымен қатар, бұл сағаттар арқылы өзара байланыс орнатуға да мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек, ресми таныстыру кезінде смарт-сағатпен қашықтықтан көлік тұрағының қақпасын басқаруға болатыны туралы да айтылды.

Расында жоғарыда көрсетілген функциялардың ешбірі артықшылыққа ие емес. Америкалық Apple өз тұтынушыларын әдеттегідей өнімнің интерфейсі және басқа платформада аналогы жоқ қосымшаларымен тартуды көздеп отыр. Айта кетсек, HealthKit медициналық платформасында бес жаңа қосымша іске қосылыпты.

«Ақылды» сағаттар 38 және 42 миллиметрлі болып шығады. Ал олардың ең арзан моделі 550-600 АҚШ долларын шамасындағы Watch Sport болмақ. Бұл осыған дейінгі бағадан екі есе қымбат болып отыр. Спорттық үлгіде емес нұсқалары біршама қымбат болуы ықтимал. Сырты алтынмен қапталған Watch Edition моделі 10-17 мың АҚШ доллары көлемінде сатылатын болады.

Apple компаниясының бас директоры Тим Кук сағаттың спорттық және медициналық функциялардан бөлек, смартфонсыз кез келген жаңалықтан хабардар ететінін айтады. Apple Watch гаджетінің автономды жұмысы 18 сағат болады.

Айта кетсек, Watch Sport, Watch және Watch Edition модельдері бірінші тізімдегі елдерге 10 сәуірде жеткізіліп, сатылымға 24 сәуірден шығады. 

Сурет: qz.com

Оқи отырыңыз: 

Apple Watch ең үздік «смарт-сағат» деп танылды

Apple Watch "ақылды" сағатының ресми таныстырылымы қашан өтеді?

Apple Watch сағатының алтын нұсқасы үшін дүкендерге сейфтер орнатылмақ

Ж. Өрісбай