MWC 2015. Lenovo Pocket Projector - сіздің қалтаңыздағы кинотеатр

MWC 2015. Lenovo Pocket Projector - сіздің қалтаңыздағы кинотеатр

Қытайлық IBM (Lenovo) Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан Mobile World Congress (MWC) 2015 халықаралық техно гаджеттерінің көрмесіне Pocket Projector атауына ие мини-проектор алып келді. Аталған өнім 200 АҚШ доллары бағасымен сатылымға шығатын болады.

Айта кетсек, құрылғының көлемі 103×98×25 мм болып, салмағы небәрі 170 г тартады екен. Сондай-ақ, сымсыз Wi-Fi модуліне қосыла алады және Miracast технологиясымен жабдықталған. Қытайлық компания ұсынған жаңа гаджет Wi-Fi Direct технологиясының соңғы жаңартылған нұсқасында жұмыс істейтіндіктен, оның сигнал таратуына екі қосалқы құрылғы ғана қажет болады. Олар сигнал жіберуші және оны қабылдаушы. Бірақ аппаратты қашықтықтан басқару мүмкіндігі қарастырылмапты.

Проектор 854×480 пиксельді көрсетілім сапасын қамтамасыз ете алады. Оның әр беру мүмкіндігі 1000:1 өлшемге ие болса, жарық сапасы 50 люменге жетеді.

Сонымен қатар, жаңа құрылғыда 32 Гбайт көлемді microSD жадысын қолдануға болады. Ал қуатының толық жинағы 2,5 сағат қолдануға жетеді екен. Одан бөлек, экранның максимум көрсету шамасы 110 дюймді дисплейдің мүмкіндігін қамтып отыр.

Сурет: www.pocket-lint.com

Оқи отырыңыз:

MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды

MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болды

MWC 2015. Xiaomi GoPro аналогын шығарды

HTC One M9 смартфоны сатылымға қашан шығады?

Ж. Өрісбай