Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / MWC 2015. Xiaomi GoPro аналогын шығарды

MWC 2015. Xiaomi GoPro аналогын шығарды

MWC 2015. Xiaomi GoPro аналогын шығарды

Өзінің сапалы әрі арзан өнімдерімен әйгілі қытайлық Xiaomi компаниясы Еуропада өтіп жатқан халықаралық көрмеде Yi Action Camera атауына ие жаңа девайсын таныстырды. Естеріңізде болса, біз бұл камераның шығарылу мүмкіндігі туралы жазған болатынбыз. Аталған өнім Қытай нарығында 400 юаньға (шамамен $64) бағаланып отыр. Ал Xiaomi-дің спорттық аппаратына әлемдік нарықта бірден-бір бәсекелесі болатын GoPro Hero камерасы $130 бағамен сатылымға шыққаны белгілі.

Xiaomi компаниясы бұл жаңа өнімін Xiaoyi өндірістік орталығымен біріге шығарған. Yi Action Camera әзірге тек Қытай нарығында сатылу жоспарланғандықтан, әлемдік нарықта GoPro камерасына бәсекелестік таныта қоймайды.

Расында, Xiaomi өнімі техникалық мінездемесімен GoPro Hero камерасынан асып түседі.  Айта кетсек, GoPro гаджетінің негізгі жадысы 32 Гбайт көлеммен жабдықталса, оның қытайлық аналогы 64 Гбайт-қа ие болған. Аталған спорттық гаджеттер судың 40 метр тереңдігінде сапалы видео материал дайындай алады.

Бүгінгі көрмеде қойылған кәсіби камераның бір ғана кемшілігі оның ешқандай аксессуарсыз сатылымға шығуы болып отыр. Ал оның бәсекелестерінде девайс сыртқаптары сынды барлық жабдықтар бірге сатылады. Айта кетсек, Yi Action Camera өнімінің саяхатқа арналған нұсқасын $80 бағамен сатылмақ.

Xiaomi ресми өкілдерінің ақпарат беруінше, жаңа гаджетті кез келген жерге орната аласыз. Сонымен қатар, камераны арнайы мобильді қосымшалардың көмегімен қашықтықтан басқаруға болады. Осылай Xiaomi компаниясы өнімдерінің ортақ экожүйесі үлкейіп келеді. Қытай нарығына шыққанына небәрі 4 жылдың көлемі болған стартап-компания электромобиль нарығында да бақ сынауды ұйғарғаны туралы жазған болатынбыз. Расында компанияның негізін салушы Лей Джунді "Қытайлық Стив Джобс" деп босқа атамаса керек.

Сурет: www.adslzone.net

Оқи отырыңыз: 

MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды

MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болды

Қытайлық Стив Джобс туралы білесіз бе?

Xiaomi компаниясы да смартфондар нарығынан электромобильге көшеді

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 03 наурыз 2015, 01:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->