Әлемдегі ең жұқа смартфон ресми түрде таныстырылды

Әлемдегі ең жұқа смартфон ресми түрде таныстырылды

Осыдан екі апта бұрын қытайлық компания ұсынған әлемдегі ең жұқа смартфонның концепті туралы жазған болатынбыз. Осыған дейін бұл титулды Vivo X5 Max гаджеті иемденіп келген. Ал Coolpad компаниясы оны басып озған смартфонды  ресми түрде таныстырды.

4,7 миллиметрлі девайс Ivvi K1 Mini деп аталады. Жаңа құрылғының бағасы – 200 АҚШ доллары. Оның техникалық мінездемесі жоғары дәрежеде болмаса да, орта деңгейлі деуге болады. Оның бағасына сай болып құрастырылғаны айдан анық.

Аппараттың басты ерекшеліктері неде? Оның құрылымы LTE-модеммен, 720р мүмкіндікке ие 4,7-дюймді дисплеймен және 64-битті Snapdragon 410 процессорымен қамданған. Жедел жадысы 1 ГБ болса, қосалқы жадысы – 8 ГБ.

8 және 5 МП сапаға ие екі камерасы сапалы суретпен қамтамасыз етеді. Ал батареяның ауқымы – сағатына 1800 микроампер. Сыртқы корпусы біркелкі ақ түспен ғана көмкерілген. Аспан асты елінің жаңа смартфоны жуырда сатылымға шығады.

Сурет: www.dobreprogramy.pl

Оқи отырыңыз:

Ivvi – әлемдегі ең жұқа смартфон

Microsoft RT-планшетін қайтып шығармауы мүмкін

Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дизайнға көшеді

Mouse-Box – поляктар ұсынған мини-компьютер

Ж. Өрісбай