Samsung жаңа платформадағы фотоаппарат шығарады

Samsung жаңа платформадағы фотоаппарат шығарады

Samsung компаниясының Android оперативті жүйесі негізінде жұмыс істейтін аппараттардан бөлек өзінің Tizen платформасын да дамытып келеді. Осы орайда оңтүстіккорейлік компания аталған оперативті жүйеге смартфондарға қоса өзінің фирмалық фотоаппараттары мен теледидарларын да негіздеп жатыр.

Ғаламтор желілерінде тараған ақпаратқа сенсек, Samsung жуырда Tizen жүйесіндегі фотоаппаратын таныстырмақ. NX500 атауына ие болған құрылғының окуляр алдындағы айнасы болмайды. Бұл фотоаппарат NX500M өнімінің келесі ұрпағы болуы мүмкін.

NX500 аппараты BSI APS-C-сенсорлы 28-мегапиксельге ие болып, 3-дюймді FVGA Super AMOLED-дисплеймен қамданған. Сонымен қатар, фотоаппарат Wi-Fi, NFC және Bluetooth модульдерімен тәуелсіз жұмыс істей алатын болады.

Одан бөлек, жаңа өнімнің процессоры D5s суреттерін өңдейді. Және оның ISO мүмкіндігі 100-ден 25 600 жиілікке дейін болады.

Tizen оперативті жүйесіндегі Samsung NX500 айнасыз фотоаппараты қара, ақ және қоңыр түсті нұсқалармен сатылымға шықпақ. Ал оның шығу уақыты мен бағасы туралы әзірге ақпарат берілмеді.

Сурет: www.businesstimes.com.sg

Оқи отырыңыз:

2,16 млн еуро тұратын фотоаппарат

5 жыл мұхитта жүзген фотоаппарат иесін тапты 

Сізге фотоаппарат не үшін қажет?

Ж. Өрісбай