5 жыл мұхитта жүзген фотоаппарат иесін тапты

5 жыл мұхитта жүзген фотоаппарат иесін тапты

China Airlines әуекомпаниясының қызметкері Дуглас Ченг Тайваньдағы жағажайлардың бірінде су өткізбейтін фотоаппарат тауып алды. Құрылғы су астында бірнеше жыл бойы жатқан екен.

Бар қызық мынада. 6 мың шақырым жүзіп өткен гаджет еш бұзылмаған. Оның үстіне құрылғының иесі де табыла кетті. Камераның иесі Джорджия штатының тұрғыны Линдси Скэлен болып шықты. 32 жастағы әйел осыдан 5 жыл бұрын Гавай аралдарынды демалып жүріп, фотоаппаратын мұхитқа түсіріп алған екен. 

Әуекомпания қызметкерлері аппараттың флеш картасын алып, ондағы суреттерді фэйсбукке салған. Қолданушылар суретті өз достарымен бөлісіп, ақыры фотосуреттерді Лэндсидің жақын досының көзі шалады.

ап

Линдси Скэлен

 

"5 жыл бұрынғы жоғалған еш бұзылмай жұмыс істеп тұрған камерасын тауып алған Лэндси қатты таң қалды", - дейді оның досы.

China Airlines компаниясы Скэленді Тайваньға шақырып, фотоаппаратын алып кетуін өтініп, жол шығындарын ұйым есебінен өтелетіндігін айтты. Дегенмен, АҚШ азаматы жұмыс бабының себебінен бұл шақырудан бас тартты.

"Мен 2007 жылы Гавай аралдарына демалуға бардым, Қара жартас атты жағажайда түнде серуендеп жүрген кезімде фотоаппарат қолымнан түсіп кетті, су айдынына кете барды. Камера осылай Тайваньға дейін жетіпті. Естуімше, оның өне бойы ракушкалар мен балдырларға толып кетіпті. Бірақ жақсы жұмыс істеп тұр екен", - деді Лэндси журналистерге берген сұхбатында.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.gorod.lv, www.dvinsk.lv

Massaget