Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / 2,16 млн еуро тұратын фотоаппарат

2,16 млн еуро тұратын фотоаппарат

2,16 млн еуро тұратын фотоаппарат

Фотоаппараттың жақсы үлгісіне қанша қаражат жұмсауға дайынсыз? Қарапайым үй қолданысына 150-200 АҚШ доллар шамасында тұратын құрылғы да жарай береді. Егер жақсы нәтиже алам десеңіз, әмияныңыздың жұқаратынына дайын болыңыз. Ал кейбір қалталы адамдар өмірлік сәттерді қағазға түсіріп беретін фотоқұрылғыға жүз мыңдап, тіпті, миллиондап ақша жұмсауға дайын. 

Жақында Вена қаласында өткен Westilicht Photographica Auction аукционында 0-Series Leica  фотоаппаратының прототипі  2,16 млн еуроға сатылған болатын. Аукцион бар-жоғы 4 минутқа созылған еді. Лоттың бастапқы бағасы 300 000 еуроны құрады. Leica фотоаппараты 1,8 млн еуроға бағаланып, қаражаттың қалған бөлігі салықтар мен комиссиялық шығындарды құрады.

0-Series Leica фотоаппараты өткен жылы 1,32 млн еуроға бағаланған болатын. Сол фотоаппаратты белгісіз азиялық коллекционер меншігіне сатып алған. Бұл жолы да 2 миллион еуро тұратын фотоаппараттың иесі өз аты-жөнін атамады.

Қызықты дерек. 1923 жылы 0-Series Leica прототипінің бар-жоғы 25 данасы жасалды. Бұл үлгінің негізінде 35 мм пленкалы Leica A сериясы жарық көрді. Сарапшылардың сөздеріне сенетін болсақ,  0-Series Leica құрылғысының 12 данасы ғана күні бүгінге дейін сақталған. Ал сіз фотоаппарат сатып алуға қанша қаражат жұмсауға дайынсыз?

Сурет: youtech.ua

1272 7
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 15 мамыр 2012, 10:24
Пікірлер
+0
15 мамыр 2012, 10:47

Лейка фотоаппараттарын естігем жақсы деп

+0
15 мамыр 2012, 11:12

Менде әлі 20мыңның фотоаппарты да жоқ! :oops:

+0
15 мамыр 2012, 12:47

өзімізден де қымбат сияқты ғой...ескерткішке ұстамасақ...сындырып тындырамыз ғой...

+0
15 мамыр 2012, 13:50

Мынаның көлемі ме, түрі ме қызық

+0
15 мамыр 2012, 20:53

Ескі және тиражы аз болған соң қымбат болып тұр, болмаса несі бар дейсің деп ақылгөйсейін (мына сөз жақсы болды, үйреніп алдым))). Менің келесі фотигім міндетті түрде профи болу керек. Оған енді 5 мыңдай АҚШ долларын қияр едім, егер ақшам болса)))))))))))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев