Dell 3D-камерасы бар планшет шығарды

Dell 3D-камерасы бар планшет шығарды

Планшеттер нарығында үздік бестіктен түспейтін Dell компаниясы ағымдағы жылдың қараша айының соңына қарай жаңа Android-планшетті сатылымға шығаратынын жариялағанын компанияның ресми сайты хабарлайды.

Venue 8 7000 деген атауға ие болған жаңа аппараттың артықшылығы оның 3D-камерасында болмақ және ол сатылымда 499 АҚШ долларымен жүретін болады.

Планшет 2560х1600 пиксельді көрініспен қамтамасыз ететін 8,4-дюймді OLED-дисплеймен жабдықталған.  Ал процессор ретінде 2,33-гигагерцті Intel Atom Z3500 қондырылған. Оперативті жадысы 2 ГБ, ал қосалқы жадысы 16 ГБ көлемді қамтиды.

Intel RealSense 3D-камерасы көлемді фото және видеоларды түсіріп қана қоймай, тұтынушыға алдыңғы камераға қолмен ишара қолдану арқылы планшеттегі қосымшаларды басқаруға мүмкіндік бере алады.

Сурет: www.dell.com

Оқи отырыңыз:

HP компаниясы жаңа планшет жасап шығарды

Әлемдегі ең жұқа планшет таныстырылды

36 сантиметрлік планшет жасалады

Windows-планшеттер 12 000 теңгеден сатылады

Apple әлемдегі ең үлкен планшет шығарады

Ж. Өрісбай