36 сантиметрлік планшет жасалады

36 сантиметрлік планшет жасалады

Қазіргі шығып жатқан планшеттер мен таблеттерді кішкентай көретін тұтынушылар үшін HP компаниясы HP Slate 17 деп аталатын үлкен планшет шығарады. Жаңа планшет 17 дюймді HD-дисплейге ие, Android платформасында жұмыс істейді.

Сыртқы көрінісінен әмбебап компьютерге ұқсайтын құрылғының қуат жинақтағышы екі сағат белсенді жұмыспен қамтамасыз ете алады.

HP компаниясының алып планшеті төрт ядролық Intel Celeron N2807 Bay Trail процессорымен жабдықталған. Оперативті жады 2 ГБ, Wi-Fi және Bluetooth жүйелері қондырылған. Ал камерасы 720p мүмкіндікті бере алады.

Гаджет Android 4.4 KitKat оперативті жүйесінде жұмыс істейді. Дегенмен, аталған құрылғы дербес компьютерге монитор қызметін атқара алмайды. Салмағы 2,45 кг болатын планшеттің бағасы 450 АҚШ долларына бағаланып отыр. Әзірге компания басшылығы гаджеттің нақты қай кезден бастап сатылымға шығатыны туралы ақпарат берген жоқ.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: liliputing.com

Ж. Өрісбай