HP компаниясы жаңа планшет жасап шығарды

HP компаниясы жаңа планшет жасап шығарды

HP компаниясы Германияның астанасы Берлин қаласында өтіп жатқан халықаралық көрмеде өзінің жаңа металл планшетін көпшілікке ұсынды. Жаңа планшет қосалқы пернетақтамен қамтылған. Сонымен қатар, 13,3 және 15,6 дюймді диагональді екі түрлі нұсқамен шығарылған.  

Аталған жаңа өнім қуат үнемдеу мен жоғары сапада жұмыс жасауға мүмкіндік беретін Intel Core M процессорымен жұмыс істейді. Енді планшет еш дыбыс шығармайды, себебі, құрылымында кулер бар.

Сондай-ақ, жаңа планшеттердің HP TrueVision алдыңғы камерасы Full HD сапамен видеоға түсіреді. Жоғарыда ескерілген қосалқы пернетақта жинақтың ішіне кіреді. Ол планшетке Bluetooth арқылы жалғанатын болады.

Ескерте кетейік, 13,3-дюймді HP ENVY x2 планшеті ТМД аймағында қазан айының соңына қарай сатылымға шығатын болады. Оның бағасы 1050 АҚШ долларын құрайды. Ал 15,6-дюймді нұсқасын 5 қазаннан бастап 950 АҚШ долларына сатып алуға мүмкіндік болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: hi-tech.mail.ru

Ж. Өрісбай