Windows Phone — ең қауіпсіз операциялық жүйе

Windows Phone — ең қауіпсіз операциялық жүйе
Фото: www.digitaltrends.com

Windows Phone платформасы тұтынушылар арасында аса танымалдыққа ие болмаса да, белгілі бір артықшылықтары бар. Интернет платформаларды бұзушы хакерлер сарапшысы Стив Лорд Microsoft корпорациясының Windows Phone платформасын ең қауіпсіз операфиялық жүйе деп атады.

«Кез келген өнімнің артықшылығы мен кемшілігі болады. Windows Phone — хакерлер ене алмайтын ең күрделі құрылымды платформа. Ал Android платформасы кез келген хакерге оңай олжа деуге болады»,  дейді Стив.

Расында бағдарламашылар олжалы платформаны бұзуды ойлайды. Ал Windows Phone операциялық жүйесінің нарықтағы үлесі айтарлықтай көп емес. Хакерлер оны бұзуға қызығушылық таныта қоймайтын болар. Сол себепті де оның қауіпсіздік көрсеткіші жоғары болуы бек мүмкін.

Ж. Өрісбай